Месяц: Июнь 2025

Ақмола облысында балалар денсаулығына ерекше назар аударылуда Ақмола облысында 2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қазақстан балалары» Конвенциясы аясында барлық медициналық ұйымдарда Ашық есік күндері өтуде. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала және қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқашева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Атаулы шара аясында медицина қызметкерлері «Салауатты балалық шақ – салауатты болашақ» акциясын өткізіп, ата-аналар мен балаларға денсаулықты сақтау бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, ашық алаңдарда мерекелік-ойын бағдарламалары мен асфальтта сурет салу акциялары ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 228 мыңнан астам бала тұрады.…
Подробнее
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ Ақмола облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауқымды және мазмұнды шаралар өткізілді. 2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында алғаш рет ұйымдастырылған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны аясында 2 мыңнан астам мәдени-ағартушылық және тәрбиелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Мектеп оқушылары түрлі мемлекеттік мекемелер мен мәдени ошақтарға барып, мамандық иелерімен танысты. Ата-аналарға тәрбиелеу біліктілігін арттыру мақсатында тренингтер ұйымдастырылса, кішкентай бүлдіршіндерге арналған сурет байқаулары, спорттық жарыстар мен көңіл көтеру іс-шаралары өтті. 27 мамырда барлық білім беру ұйымдарында «Балалар үні» іс-шарасы өтті. 2700-ге жуық бала өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірсе,…
Подробнее
Атбасар ауданы инвестиция мен құрылыс саласында тұрақты өсім көрсетуде Атбасар ауданы инвестиция және құрылыс саласында қарқынды дамып келеді. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 миллиард теңгеге жуықтап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Инвестициялардың негізгі бағыттары — инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және жылу жүйелерін жаңғырту. «Инвестиция дегеніміз – жай ғана ақша емес, бұл нақты құрылыстар, мектептер, техника және жұмыс орындары. Біздің міндетіміз – осы қаражатты халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға айналдыру, – деп толықтырды Кенеш Алимжанов. Ауданда ірі өндірістік жобалармен қатар, шағын сәулеттік…
Подробнее
Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысын мәлімдеді. Бұл туралы департамент басшысы Рүстем Ерғалиев журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Санақ 2006-2007 жылдан кейін алғаш рет өткізіледі. Бұл жолы ол халықаралық стандарттарға сәйкес бір кезеңде, яғни жануарлар мен өсімдіктер шаруашылығын қатар қамтып өтеді. «Ауыл шаруашылығы санағы – еліміздің аграрлық секторының құрылымы мен жай-күйі туралы өзекті әрі сенімді деректер алуға мүмкіндік беретін ауқымды статистикалық науқан. Ол тиімді мемлекеттік саясат құру,…
Подробнее
Ақмолада есірткіге қарсы айлық басталды Бүгін Ақмола облысында Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орайластырылған есірткіге қарсы айлық ресми түрде басталды. Бұл туралы Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды. Шарада сөз сөйлеген Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері нашақорлықтың медициналық және әлеуметтік салдарларын атап өтті. Оның айтуынша, есірткіге тәуелділік – тек денсаулыққа қауіп төндіріп қана қоймай, отбасылар мен қоғамға да елеулі зиян келтіретін күрделі мәселе. «2024 жылдың қорытындысы бойынша облыста 413 адам «наркомания» диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2,4%-ға азайды. Алайда жасөспірімдер арасындағы жағдай алаңдатарлық: биыл екі жасөспірімнің есірткіге…
Подробнее