
Ақмола облысында қылмыстық процестің ашықтығы мен цифрлануы артып келеді Тұрғындарға өңірдегі құқықтық ахуал жайында ашық ақпарат беру, қабылданып жатқан шаралар мен заманауи технологиялардың тиімділігін түсіндіру туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Виктор Красноусов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жыл басынан бері тіркелген өтініштер мен хабарламалар саны артқанымен, бірқатар аудандарда қылмыс санының күрт төмендегені байқалады. Мысалы, Ерейментау, Бурабай аудандары мен Қосшы қаласында ауыр және орташа қылмыстар екі есеге дейін азайған. Сонымен қатар, онша ауыр емес және орташа деңгейдегі қылмыстар азайғанымен, ауыр және…