
Қазақстандық оқушылар әлемдік чемпионатта алты марапат жеңіп алды АСТАНА. KAZINFORM — Әлемдік чемпионатқа 110 елден 50 мыңнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Хьюстондағы FIRST Championship 2025 халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құрамасы үш жас санаты бойынша рекордтық нәтиже көрсетті. Қазақстан намысын жеті команда қорғады. Жоғары санатта (12–18 жас) Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің PID командасы еліміз тарихында тұңғыш рет жарыстың финалына өтіп, екі марапат иеленді — Motivate Award Winner және Division Finalist Award. Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің CRISTABOL командасы техникалық және техникалық емес дағдылардың үздік үйлесімі үшін берілетін ең беделді марапат — INSPIRE Award-ты жеңіп алды. Sana Team (Алматыдағы…