
«Қазақконцерт» әртістері Біріккен Араб Әмірліктерінде өнер көрсетті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына гастрольдік сапармен барды, деп хабарлады Elordainfo.kz. Онда ұжым халықаралық InClassica International Music Festival жобасы аясында классикалық музыка концерттерінің негізгі оркестрі ретінде өнер көрсетті. Іс-шараға Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсахаджаева қатысты. Гастрольдік сапар еліміздің әлемдік аренадағы мәдени имиджін нығайту және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық байланысты күшейту мақсатында ұйымдастырылды. InClassica International Music Festival халықаралық музыкалық фестивалі – халықаралық жоғары деңгейдегі беделді іс-шара.…