
«Ертіс» Бірінші лиганы ірі жеңіспен бастады Павлодарлықтар футболдан Бірінші лигадағы жарысын бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.«Ертістің» құрамы Қазақстан кубогындағы матчтармен салыстырғанда көп өзгермеді. Тек Темірлан Ағыманов бастапқы құрамдағы орнын Максим Фединге берді. Кейінірек команданың бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов мұны жас ойыншының жеңіл жарақатынан әлі айықпағанымен түсіндірді.Матчқа алты жарым мың жанкүйер жиналды. Олардың арасында Розовка балалар ауылының тәрбиеленушілері Гриша, Богдан, Әмір, Дастан және олардың достары келді. Қыс айларында облыс әкімі Асайын Байханов Розовка ауылына жұмыс сапары кезінде футболға барғымыз келеді деген жас жеткіншектерге көмектесеміз деген уәдесін берген еді. Балалар сүйікті ойыншыларының өнеріне қанық болып, оларға «Ертістің» шарфтары сыйға берілді.Алаң иелері гол…