
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық акциялар жалғасуда 2025 жылғы 29 сәуірде Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық іс-шаралар өтті. Акциялар Бурабай ауданына қарасты Қатаркөл көлінде және Степногорск қаласында ұйымдастырылды. Бұл бастама экологиялық ахуалды жақсартуға, табиғи мұраны сақтауға және азаматтар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бурабай ауданында қатысушыларды жинау Қатаркөл ауылындағы Ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің базасында өтті. Нұсқаулық алғаннан кейін волонтерлер мен қатысушылар ұйымдасқан түрде Қатаркөл көліне барып, тазалау жұмыстарын жүргізді. Акцияға 300-ден астам адам қатысып, 300-ден астам қап қоқыс жиналды. Ал Степногорск қаласында осы күні белсенді тұрғындар, қалалық мәслихат депутаттары…