
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада ел намысын қорғап жатыр Фото: Оқу-ағарту министрлігінен Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өтіп жатқан Халықаралық Балқан математика олимпиадасында қазақстандық оқушылар ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz. Беделді интеллектуалдық жарысқа республикалық математика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жолдама алды. Қазақстан құрамасына 6 дарынды оқушы кірді: 1. Шарел Марғұлан – 11-сынып оқушысы, Spectrum International School, Астана қ.; 2. Сахипов Амир – 11-сынып оқушысы, Республикалық физика-математика мектебі, Алматы қ.; 3. Аманжолов Амирлан – 11-сынып оқушысы, Haileybury Almaty, Алматы қ.; 4. Орынбасар Бердібек – 10-сынып оқушысы, «Білім-инновация» №1 дарынды балаларға арналған лицей-интернаты, Атырау облысы; 5. Нұрланов Дамир – 12-сынып оқушысы,…