
Құқықтық көмек алудың қызметі жаңғыруда Ақмола облысы Әділет департаменті бірқатар маңызды бағыттар бойынша нәтижелі жұмыс атқарды. Аталған кезеңде 189 нормативтік құқықтық актінің жобасы келісуге ұсынылды, оның ішінде 23 акт мемлекеттік тіркеуге алынды. 17 акт бойынша 4 ұсыныс енгізілді. Бұл туралы Ақмола облысы Әділет департаменті өкілдері брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Департамент 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2025 жылдың І тоқсанында 318 қызмет көрсетілді.«Реинжиниринг аттестации» пилоттық жобасы аясында адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушы қызметіне аттестаттау процесі автоматтандырылды. «ЦИФРЛЫҚ СЕНІМХАТ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР EGOV MOBILE BUSINESS ҚОСЫМШАСЫНДА СЕНІМХАТТАРДЫ ОНЛАЙН РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ. «ЦИФРЛЫҚ НОТАРИАТ» ЖОБАСЫ БЕЙНЕҚОҢЫРАУ ЖӘНЕ…