
Жаңа Салық кодексі: Негізгі өзгерістер Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай өзгерістер болатынын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Назарларыңызға салыққа қатысты ең маңызды өзгерістерді ұсынамыз. Жаңа Салық кодексінің негізгі ұсыныстары: ҚҚС (Қосылған құн салығы): • Негізгі мөлшерлеме – 16%. • Шегі – 40 млн теңге. • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар, археология саласы – ҚҚС-тан босатылады. • Дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызметтер үшін ҚҚС 10% болады. Корпоративтік табыс салығы (КТС): • Негізгі мөлшерлеме – 20%. • Банк және ойын секторы үшін – 25%. • Қаржы лизингі мен әлеуметтік салада – 10%-ға дейін…