
Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандар айыппұл арқалайды Осы жылдың 15 наурызынан бастап Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерлан Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін бизнестің жауапкершілігін арттыруға бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске (ӘҚБтК) түзетулер енгізді. «Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асырып жіберген кәсіпкерлер тек ескерту алатын. Енді бұл құқық бұзушылыққа бірқатар айыппұл, яғни, жеке тұлғалар мен шағын бизнес…