
Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды. Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар…