
Жарқайың ауданында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде Ақмола облысы үшін көктемгі су тасқыны өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты Жарқайың ауданының әкімдігі де төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді дайындық жұмыстарын қолға алды, бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Мұрат Исмаилов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, осы жылы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында Жарқайың ауданының әкімдігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіп-қатерлерді талдау жұмыстарын жүргізген. «Аудан аумағында жүргізілген талдау нәтижесінде су тасқыны қаупі жоғары 7 елді мекен анықталды.Олардың қатарында Пригородное, Гастелло, Костычево, Ушкарасу, Львов, Кумсуат ауылдары мен Державинск қаласы бар. Бұл аймақтарда 107 үй мен…