День: 14.03.2025

> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сіздер Ұлттық құрылтай аясында көптеген бастама көтеріп, игі істерге ұйытқы болып жүрсіздер. Отаншыл азаматтардың арқасында еліміз тұрақты дамып келеді. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін біршама өзекті мәселелер талқыға түсті. Алдағы уақытта да осылай береке-бірлікте болып, еліміздің болашағы үшін маңызды жұмыстарды бірге атқара береміз деп сенемін! Ораза қабыл болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Выдвигая инициативы на площадке Национального курултая, вы выступаете движущей силой многих созидательных начинаний. Выражаю искреннюю признательность всем патриотичным гражданам, благодаря которым наша страна следует по пути поступательного прогресса. Сегодня мы обсудили многие актуальные вопросы. Уверен, мы продолжим вместе…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз. Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз – қарапайым әрі түсінікті. Бұл – жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз. Мемлекеттіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Наша…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы: «Біз еліміздің әлеуетін нығайта түсуіміз керек, яғни азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асатын және ең бастысы, мәселені тиімді шеше алатын әлеуеті мықты ел болуымыз қажет. Сондықтан білім мен инновацияға негізделген дамыған әрі жоғары технологиялық экономика құруға тиіспіз. Мұның бәрі азаматтар үшін жасалады. Себебі адам – біздің мемлекетіміз үшін ең басты құндылық» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Глава государства: «Нам предстоит усилить потенциал государства, сделать его более эффективным в плане удовлетворения справедливых нужд граждан. Мы обязаны построить развитую и высокотехнологичную экономику, основанную на знаниях и инновациях. И все это мы будем делать для людей, ради людей, потому что люди…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тағы да қайталап айтамын: қазір адамзат жаңа дәуірдің сипаты айқындалатын тарихи жолайрықта тұр. Алға қарай қарыштап дамуға Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. Қазір жер шарының тұрғындары қартайып бара жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанды жас әрі білімді азаматтардың елі деп айтуға болады. Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің, жалпы, көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Еще раз повторяю: сейчас человечество находится на историческом перепутье, которое предопределит характер новой эпохи. Казахстан имеет хорошие возможности для рывка вперед в своем развитии. На фоне стареющей…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Адамға салынған инвестиция – мемлекеттің ең сенімді әрі дұрыс салымы. Біз білім-ғылым, медицина, спорт, креативті индустрия салаларына қомақты қаржы бөлуді жалғастыра береміз. Азаматтардың өзін жан-жақты дамытуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Себебі қазіргі заманда жекелеген адамдардың табысты болып, бақуатты өмір сүруі нағыз қуатты мемлекеттің көрсеткіші саналады. Мен жоғарыда атап өткен басымдықтар, яғни цифрландыру мен жасанды интеллект, энергетика, агроөнеркәсіп секторы және адам капиталы Қазақстанның жаңа әлемдегі орнықты дамуына жол ашатын негізгі факторлар болатыны анық» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Инвестиции в людей – самые надежные и правильные вложения государства. Мы продолжим вкладывать значительные средства в образование и науку,…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы: «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары, тегін орта білім, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға бөлінетін өте көп гранттар – мұның бәрі өскелең ұрпақтың қадамы нық болуына септігін тигізетін сан алуан шараның бір бөлігі ғана» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Глава государства: «Программы «Нацфонд – детям» и «Келешек», бесплатное школьное образование, большое количество грантов на обучение в колледжах и вузах – это лишь часть мер, которые помогают подрастающему поколению встать на ноги» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен «Біздің басты күшіміз – адам және оның жасампаздық әлеуеті» деп үнемі айтып келемін. Өйткені білімді, еңбекқор әрі мақсатшыл азаматтар елімізді табысқа жеткізеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда азаматтарға дүниеге келгеннен бастап өмір бойы жәрдем беретін тиімді мемлекеттік қолдау жүйесі бар» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Я постоянно говорю, что наша главная сила в людях, в их созидательном потенциале. Потому что именно образованные, трудолюбивые и целеустремленные граждане приведут нашу страну к успеху. В Казахстане уже сформирована эффективная система господдержки, сопровождающая граждан с момента рождения и на протяжении всей жизни» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екені белгілі. Енді соны тиімді пайдаланатын кез келді. Еліміздің әуелгі мүмкіндіктеріне қарасақ, біз әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиіс едік. Бірақ ауыл шаруашылығына жеткілікті қаржы салынған жоқ. Бұл саланы жемқорлар мен алаяқтар иемденіп келді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де болды. Жалған мәліметтердің кесірінен мемлекет қағаз жүзіндегі мал санына жылдар бойы субсидия төледі. Қазір қордаланған мәселенің бәрін шешіп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр. Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл – өте…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы: «Осы міндеттің айрықша маңызды екенін ескеріп, мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Глава государства: «С учетом исключительной важности данной задачи мною принято решение создать Агентство по ядерной энергетике при Президенте. Нам предстоит в полной мере реализовать свои возможности в газовой и угольной генерации, а также потенциал возобновляемых источников энергии» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді. Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Одобрив на референдуме решение…
Подробнее