
Қорғалжын ауданындағы білім саласының оң өзгерістері Қорғалжын ауданының білім беру саласы жыл сайын даму үстінде. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша, ауданда 7 мыңнан астам адам тұрады. Барлығы 18 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген. Осындай шағын ауданның білім жүйесі үздіксіз жетілдіріліп, оқушыларға заманауи білім беру үшін жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Дархан Бейсембеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Қорғалжын ауданында 13 мектеп жұмыс істейді. Бүгінде бұл білім ордаларында екі мыңға жуық оқушы оқиды, оларға 403 білікті педагог білім беруде. «Қосымша білім беру мекемелері де белсенді қызмет атқарады. Р. Есімжанова атындағы балалар музыка мектебінде 194…