
Ақкөл ауданында су тасқынының алдын алу шаралары қабылданып жатыр Ақмола облысында су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстары ерте басталды. Ақкөл ауданы су деңгейінің қауіпті межеден асу қаупі төмен аймақтардың қатарына кіргенімен, көктемгі су тасқынына қарқынды дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Қазіргі таңда елді мекендерден 37 мың текше метрден астам қар шығарылды. "Екі мың дана қап дайындалды, 6,5 тонна жанар-жағармай қоры жасақталды, 12 128 адамды орналастыруға есептелген 17 эвакуациялық пункт әзірленді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда жол ұйымдарынан инертті материалдар алу бойынша меморандумдар жасалды," – деп мәлімдеді Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Саят Кенжетай. Бұдан бөлек, әкім орынбасары арнайы инженерлік…