Месяц: Февраль 2025

Бұландыда 4 мектеп күрделі жөндеуден өтті Школы нового поколения: как развивается образование в Буландынском районе

Бұландыда 4 мектеп күрделі жөндеуден өтті Школы нового поколения: как развивается образование в Буландынском районе

Бұланды ауданында білім беру жүйесін жаңғырту мен дамыту бойынша маңызды жұмыстар жүргізілуде. Ауданда мектептер мен білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Исмағамбетова Кенжебике мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Өткен жылы ауданның 4 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Бұл мектептерге Макинск қаласының мектеп-гимназиясы, Қараөзек, Вознесенка және Никольское ауылдарының білім беру мекемелері кіреді. Осы жылы Макинск қаласындағы екі мектеп – №1 жалпы білім беретін мектеп пен Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Оның қатарында мектепке дейінгі ұйымдарды жаңғырту ісі де бар. «Сондай ақ аудан мектептерінің жабдықтары да жаңартылған.…
Подробнее
«Ұлттық құрылтай» Бурабайда өтуі біз үшін үлкен мәртебе - Рамазан Мерей Бурабай ауданының жергілікті билігі мәдениет саласын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлуде. Айталық ауданда 38 мәдениет мекемесі жұмыс істеп тұр. Аудандағы 6 шығармашылық ұжым «Халық» атағына ие болып, 3 ұжым «Үлгілі» деп танылды. Осы және өзгеде мәдени жетістіктер жайлы аудан әкімінің орынбасары Рамазан Мерей брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Аудан әкімінің орынбасары Мерей Рамазанның айтуынша, мәдениет – ауданның рухани байлығын арттыру және әлеуметтік өмірді жақсарту үшін маңызды сала болып табылады. Оның пікірінше, мәдениет арқылы халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ жастардың рухани дамуына ықпал етуге болады. «Біз мәдениет саласының…
Подробнее
Жарқайың ауданында дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі қалай шешілуде? Жарқайың ауданының денсаулық сақтау жүйесі бүгінгі таңда тұрақты даму үстінде. Ауданда 1 аудандық аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық пункт және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істеп тұр. Бұл медициналық мекемелер аудан тұрғындарына қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын, бұл туралы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Исмаилов брифингте баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, Жарқайың ауданында медициналық инфрақұрылым нығайып келеді. Қазіргі уақытта аудан бойынша 300-ге жуық дәрігер мен медициналық қызметкер еңбек етеді. Бұл ауданның денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткенін көрсетеді. Дегенмен, маман тапшылығы мәселесі әлі де өзекті болып отыр.…
Подробнее
  Ақмола облысында 12 200 орынға арналған 9 жайлы мектептің құрылысы аяқталды   Ақмола облысы Президенттің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп салу жөніндегі тапсырманы сәтті іске асырған Қазақстандағы жалғыз өңір болды. Бүгінгі таңда өңірде 12 200 орындық барлық жоспарланған 9 заманауи мектептің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл мектеп оқушыларының оқу жағдайларын едәуір жақсартты және жұмыс істеп тұрған мектептердің жүктемесін азайтты. Барлық білім беру нысандарының құрылысы облыс әкімдігінің бақылауында болды. Бір жыл ішінде облыс орталығында 2 жайлы мектеп салынды, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қаражар, Қоянды, Қабанбай батыр және Ақмол ауылдарында 7 жаңа мектеп бой көтерді. Елорданың жанында орналасқан елді…
Подробнее
Мектептерді жаңғырту: білім берудің жаңа мүмкіндіктері Білім – ұлт болашағының негізі. Әрбір балаға сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта  білім беру саласын жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы Ақмола облысында үш ауысымды оқыту мәселесі жаңа мектептердің пайдалануға берілуінің арқасында сәтті шешілді. Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылында 300 орындық мектеп, ал, Қосшы қаласында 1200 орындық заманауи оқу орны ашылды. Бұл оқушылар мен мұғалімдер үшін жағдайды айтарлықтай жақсартты. Жаңа білім беру мекемелерін салумен қатар, қолданыстағы мектептерге күрделі жөндеу жүргізу үшін жыл сайын қаражат бөлінеді. 2025 жылы 32 білім беру нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсаттарына 7,1…
Подробнее
Ақмола облысының аңшылық алқаптарында жабайы жануарларды қысқы азықтандыру Ақмола облысы өзінің кең аңшылық алқаптарымен танымал, олардың жалпы ауданы 12 млн.343 мың га. 12 млн. 114 мың га аумақта 161 аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда оның ішінде 10 млн. 278 мың гектар алқапта 82 түрлі меншік нысанындағы заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы 139 шаруашылық белсенді жұмыс істеуде. Қыс мезгілінде жабайы жануарлар табиғи тағамның жетіспеуіне байланысты әсіресе қиынға соғады. Жануарлар популяциясын қолдау үшін аңшылық шаруашылықтары қажетті азық-түлік жинап, қыста алдын-ала дайындалады. Бұл мұқият жоспарлау мен күш-жігерді қажет ететін маңызды және жауапты жұмыс. Суық ауа райының басталуымен жануарларды қажетті қоректік заттармен қамтамасыз…
Подробнее
Өткен жылы Ақмола тұтынушыларына 65 млн теңге қайтарылды Өткен жылы Ақмола облысында сауданың ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Бір жыл ішінде тұтынушылардан 730 өтініш келіп түсті, оның 83% - ы қанағаттандырылды, ал азаматтарға 65 млн теңге қайтарылды. Бұл туралы брифингте ҚР сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Самат Сайдалин айтты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Өткен жылы ең көп шағымдар бөлшек саудаға қатысты болған. Әсіресе тауарды қайтару немесе айырбастау мәселелері бойынша. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, медициналық қызметтер мен білім беру…
Подробнее
«Жайлы мектеп» - сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», - Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал…
Подробнее