
Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс
Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты халық арасында әлі де сұрақ көп. Бұл мәселені сан-саққа жүгіртудің қажеті жоқ, байыппен қарап, кәсіби мамандар жан-жақты түсіндіріп бергені жөн. Осы орайда Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаевқа бірқатар сұрақ қойдық. – Ел арасында ҚҚС-ға қатысты сауал аз емес. Түйіні мынаған саяды: Бюджеттегі тапшылықты қыс¬қарту үшін Үкімет мемлекеттік шығын¬дарды азайтудың орнына ҚҚС мөл¬шер¬лемесін көтеруге неге көшті? – Бүгінде бюджеттік кірістің 70%-ын табыс көздеріміз құрайды, ал қалған 30%-ы қарыздар мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер есебінен жабылады. Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт бюджет ережелері аясында реттеледі. Жаңа Бюджет кодексі бюджет шығыстарының…