
Ақкөл ауданында білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде Медицина ближе: В Аккольском районе открываются новые медучреждения
Ақкөл ауданында жергілікті билік білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударып, бірқатар маңызды шараларды іске асыруда. Ауданда 662 педагог жұмыс істеп, 24 мектепте 8 мыңға жуық оқушы білім алады. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Саят Ахмеджанов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Ауданда балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында және балалар музыка мектебінде 400-ден астам оқушы қосымша білім алуда. «2024 жылы білім беру үдерісін жақсарту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Ақкөл қаласындағы №2 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 ауылдық мектепте жылу жүйесіне және 2 мектепте шатырларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. №4 Ақкөл орта мектебінде аумақты абаттандыру мен қоршауды ауыстыру,…