![](https://zhvestnik.kz/wp-content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-06-at-10.03.59-800x500.jpeg)
Инклюзивті білім: Ақмола облысындағы «ерекше» балалардың жағдайы қалай Бүгінгі күні 14 мыңға жуық Ақмолалық бала инклюзивті білім алуды қажет етеді. Олардың саны жыл санап артып келеді, оның ішінде 200 жуығы аутизм. Мұндай өсім қолжетімді білім беру ортасының кеңеюін және білім ордалары қабырғаларында арнайы кабинеттер ашу қажеттілігін арттыруда. Бұл жөнінде толығырақ облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Әсемгүл Сүлейменова брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін облыста арнайы мектептер, ресурстық орталықтар мен түзету кабинеттері жұмыс істейді. Өткен жылы Көкшетауда 166 орындық «Аяла» балабақшасы ашылды, биыл тағы…