XXI ғасырдағы цифрлық әдеттер Цифровые привычки XXI века
Айгүл Забирова, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Қазақстандағы оқиғалар туралы ақпарат көздері. Цифрлық капитализм дәуірінде медиа мен желілік кеңістіктің конфигурациясы күрделене түсуде, сонымен қатар желілік кеңістік дәстүрлі ақпарат құралдарын ығыстыруда. Осындай кездерде ағыл-тегіл ақпараттың сенімділігін анықтауды үйрену маңызды. Шынында да, көпшілігіміз жаңалықтарды алу үшін дәстүрлі, институционалдық байланыс арналарын (теледидар, радио және баспасөз) ғана емес, сонымен қатар жаңалықтар сайттары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және YouTube сияқты институционалдық емес жаңалықтар көздерін де пайдаланамыз. Бұл – XXI ғасырдың түбегейлі жаңа әдеті, яғни жаңалық көздерін таңдаудағы жаңа үрдіс. Қазақстандағы оқиғалар туралы халық жаңалықтарды қалай қабылдайды? ҚСЗИ-дің тапсырысымен 2024 жылдың көктемінде жүргізілген сауалнама…