
▫️Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді 2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады. Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді. 2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңгеқарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млнадам. 📈Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі…