День: 28.01.2025

⚡️Мемлекет басшысы: «Енді Үкіметтің және басқа да құзырлы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттеріне тоқталсам. БІРІНШІ. Экономиканы әртараптандыру. Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге. Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6 пайызға жуықтады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек. Тағы бір аса маңызды мәселе – экономикаға инвестиция тарту. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізген. Дегенмен тоқмейілсуге негіз жоқ. Инвесторлардың мәселесін шұғыл шешу үшін Инвестиция штабы құрылды. Соның арқасында бюрократиялық кедергілер мен құқықтық қарама-қайшылықтар жойылып, кейбір жобаларды тезірек…
Подробнее
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
⚡️Президент: «Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар. Ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп. Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін. Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады. Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты…
Подробнее
2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың негізгі нәтижелері туралы баяндады. Атап айтқанда, экономика 4,8%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға дейін артты. Аграрлық сектор мен өңдеуші салады соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. 26 млн тоннадан астам астық, 3 млн тоннадан астам майлы дақыл жиналды. 4 млн тонна астық экспортқа жөнелтілді. Өңірлерге шаққанда өткен жыл қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда…
Подробнее
Ақмола облысында Өңірлік кадр резервінің 7 мүшесі лауазымдарға тағайындалды   Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Департаментпен келісілген конкурстан тыс тағайындаулар туралы ақпаратты ұсынды. Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жақсы нәтижелермен оқуды аяқтаған ЖОО түлектері диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде конкурстан тыс негізде кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады. Осы норма күшіне енген сәттен бастап Департаментпен 25 жас маманды конкурстан тыс тағайындау келісілді. «Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің…
Подробнее
Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті   ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қорытындыларын ұсынды. Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік қызметке түсуді барынша жеңілдету және артық кедергілерді жою мақсатында 2023 жылғы 1 наурыздан бастап Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында «Интеграцияланған ақпараттық жүйеде «Б»"корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидалары» енгізілді. Қазіргі уақытта бұл іріктеу жобасы 74 мемлекеттік органда жұмыс істейді, ал ағымдағы жылдың ортасында тағы 26 мемлекеттік органды қамтитын болады. Осы…
Подробнее
Жол жөндеу және жол бойындағы қызмет көрсету инфрақұрылымын жаңғырту: 2025 жылы Ақмола облысындағы автокөлік жүргізушілерін не күтіп тұр   Автокөлік жолдарының сапасы өңір тұрғындарының өміріне тікелей әсер етеді. Жақсы жолдар жол жүру уақытын қысқартып, көлік жөндеуге кететін шығындарды азайтып, сапарды жайлы әрі қауіпсіз етеді. Тегіс жол адамдарға  жұмысқа, мектепке, ауруханаға және дүкенге тез әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда Ақмола облысының жергілікті билігі жол инфрақұрылымының сапасына үлкен көңіл бөліп отыр. 2025 жылы облыста 450 шақырымнан астам автожолды жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, жергілікті автокөлік жүргізушілері үшін жол бойы қызмет көрсету инфрақұрылымын жаңғырту да жақсы жаңалық болып табылады. «Республикалық маңызы бар…
Подробнее
Егіндікөлде білім беру саласындағы мәселелер қалай шешілуде Егіндікөл ауданында 9 жалпы білім беретін мектеп, 1 балабақша және 7 шағын орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңда аудан мектептерінде мыңға жуық бала білім алуда. Алайда аудан мектептерінің көпшілігі шағын комплектілі болғандықтан, білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударылуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ерік Жиенбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, өткен жылы ауданның білім жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізілді. Мысалы, облыстық бюджеттен Егіндікөл ауылындағы №1 орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Спиридоновка мектебінің шатырын жөндеу үшін қаражат бөлініп, Қоржынкөл мектебінің спорт және акт залдарының шатырлары жаңартылған.…
Подробнее
«Таза Қазақстан» акциясы: Ақмола облысында 51 мың тонна қоқыс шығарылды және 115 мың ағаш отырғызылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жүзеге асырыла бастағанына биыл бір жыл болады. Тұрғын үйлерді тазалау және абаттандыруға бағытталған акция ауқымды қоғамдық қозғалысқа айналып, азаматтарды, бизнесті және мемлекеттік органдарды біріктірді. Акцияның қорытындылары туралы Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының орынбасары Марат Жүнісов пен табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының орынбасары Айтжан Құсманава брифинг барысында баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Ақмола облысында экологиялық акция аясында 2024-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Акция басталған сәттен бастап 280 мыңнан астам адам…
Подробнее