Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметінің қорытындыларын жариялады. Департаменттің атқарған жұмыстары мемлекеттік қызмет жүйесінің сапасын арттыруға, қызметшілердің құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қызметке жастарды тартуға бағытталған. Бұл туралы департамент басшысы Думан Әбілев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Департаменттің жұмысы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және қоғамда оның адалдығын қалыптастыруға бағытталған. 2024 жылы қабылданған шаралар облыстағы мемлекеттік қызметті жаңғыртуға және ашықтықты арттыруға үлкен ықпал етті. Өткен жылы қызмет саласында 76 азаматтық өтініш қаралып, 63 тексеріс және 19 талдау жүргізілді. Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 528 мемлекеттік…
Янв
14
2025