День: 06.01.2025

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% - ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады. Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді. Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды. * Во исполнение поручения Главы государства, озвученного в Послании народу Казахстана от 1 сентября 2021 года «Единство народа и системные реформы – прочная основа процветания…
Подробнее
▫️Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді 2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады. Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді. 2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңгеқарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млнадам. 📈Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі…
Подробнее
  Ақмола облысында 12 200 орынға арналған 9 жайлы мектептің құрылысы аяқталды   Ақмола облысы Президенттің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп салу жөніндегі тапсырманы сәтті іске асырған Қазақстандағы жалғыз өңір болды. Бүгінгі таңда өңірде 12 200 орындық барлық жоспарланған 9 заманауи мектептің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл мектеп оқушыларының оқу жағдайларын едәуір жақсартты және жұмыс істеп тұрған мектептердің жүктемесін азайтты. Барлық білім беру нысандарының құрылысы облыс әкімдігінің бақылауында болды. Бір жыл ішінде облыс орталығында 2 жайлы мектеп салынды, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қаражар, Қоянды, Қабанбай батыр және Ақмол ауылдарында 7 жаңа мектеп бой көтерді. Елорданың жанында орналасқан елді…
Подробнее
Қауіпсіздіктің кепілі – әрбір азаматтың жауапкершілігі 2024 жылдың желтоқсан айында еліміздің барлық аймақтарында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды профилактикалық шаралар қолға алынды. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт басқару басқармасының басшысы Жақсыбаев Досбол брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Айлық барысында облыс көлемінде бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінген. Әлеуметтік әлсіз топтағы отбасылар мен бұрын қауіпсіздік ережелерін бұзған тұрғын үйлер қайта тексеріліп, 39 мыңнан астам жеке үй мен 99 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Осы үйлердің көбі автономды жылу жүйесімен жабдықталғандықтан, оларда өрт қауіпсіздігіне қатысты алдын алу шаралары ерекше…
Подробнее