Көкшетаулық оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастайды Облыс әкімі Марат Ахметжанов қоғам өкілдерімен, ардагерлермен және БАҚ өкілдерімен бірге Көкшетау қаласындағы 1500 орындық жаңа «Жайлы мектепті» аралады. Жаңа мектепте 60 оқу кабинеті, физика, химия және биология пәндеріне арналған арнайы зертханалар, IT кабинеттері бар. Балалардың жан-жақты дамуы үшін мектепте 4 кең спорт залы, кітапхана, оқу залы және 324 орындық көрермендер залы қарастырылған. Мектеп ғимараты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген,мектеп пандустармен, жеделсаылармен және түзету сабақтарына арналған кабинеттермен жабдықталған. Бірінші қабатта 375 орындық асхана орналасқан. Педагогикалық құраммен кездесу барысында облыс әкімі мұндай заманауи мектептердің ашылуы ел болашағына бағытталған инвестиция екенін атап…
Янв
08
2025