Ақмола облысында жол салу және жөндеу бойынша ірі жобалар жүзеге асырылуда
Ағымдағы жылы 130-дан астам жобаны іске асыру үшін жергілікті маңызы бар жолдарды салу және жөндеуге біршама қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа 500 шақырымнан астам жол салу, жөндеу жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысынң орынбасары Хайролла Жұмабек Мұратұлы мәлімдеді. «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу» аясында ағымдағы жылы 23 жобаны іске асыру жоспарланып, 20,4 млрд теңге қарастырылған, шамамен 100 шақырымды жөндеу жоспарланған. Ірі жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Облысымыздағы 70-тен астам елді мекенде жол желісін салу және жөндеу жұмыстары жоспарланған. «Мемлекет басшысының жол саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас…
