Ақмола облысында қоршаған ортаны қорғау қалай жүзеге асырылып жатыр
Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысы бойынша экология Департаменті басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов хабарлады. Экология Департаменті табиғатты қорғау іс-шараларын енгізу шеңберінде кәсіпорындардың аумақтарын және олардың санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізді. Осылайша, жұмыс жүргізуге берілген рұқсаттарға көгалдандыру 28,5075 гектардан асқан. Экологиялық реттеу бөлімімен әлеуметтік желілер арқылы Экологиялық кодекстің баптары мен ережелерін түсіндіру мақсатында 7 тікелей эфир, жұртшылық, жобалау ұйымдары мен кәсіпорындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тікелей диалог арқылы 11 консультациялар өткізілген. "Қоянды тазалық" ЖК, "Арқа-Тазалық" ЖШС, "Open minerals group" ЖШС, "Қосшы-Су" ШЖҚ МКК 1 КНС жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Аумақтарды тұрмыстық қоқыстардан тазарту, көшеттер отырғызу, көлдер мен өзендердің жағалау…