Бізде АЭС-ті басқара алатын кадрлық әлеует тапшы емес – сарапшы
Маманның сөзінше, министрлікке қарасты екі мықты институт бар: Ядролық физика институты және Ұлттық ядролық орталығы. Ақтілек Алмасұлы 08/09/2024 11:30 615 оқылды Еліміз уран өндірісі бойынша әлемде көш басында тұр. Оның қоры бойынша Аустралиядан кейін екінші орындамыз. Референдум нәтижесінде АЭС салу құпталса, мамандар станцияны толықтай отынмен қамтамасыз ете алатынымызды айтады. Кадр даярлау маңызды. Қазірдің өзінде 4 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Дауылға, су тасқынына, жер сілкінісіне төзімділік – мұның бәрі жаңа буын ІІІ+ станциясын салу кезінде ескеріледі. Қазір Қазақстанда атом электр станциясын салуға 4 мемлекеттің компаниясы ниетті. Олар – Франция, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресей. Төртеуі де әлемдегі ең көп АЭС-і бар елдер қатарына кіреді. Франция мен…
