Ел ертеңі – өз қолымызда
220 рет көрсетілді 5 мин оқу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы халықтың көкейінде жүрген мәселелері көтерілген маңызды құжат болды. Біз бұдан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымының жарқын үлгісін көре аламыз. Egemen Qazaqstan Сурет: ашық дереккөзден Мен құқық саласының маманы ретінде Жолдаудағы бірқатар мәселеге назар аудардым. Соның бірі – Президент айтқандай, тиісті реестрге енгізілген кәсіпкерлермен келісім жасаған кезде мемлекетке қайтарылатын активтерді «заңсыз» деп танымау туралы норманы бекіту мәселесі. Мемлекет басшысы мұны шын мәнінде маңызды қадам деп атап өтті. Дегенмен ол кәсіпкерлерге ескертпесін де жасырып қалмады. «Кәсіпкерлер қаржыны…
