Год: 2024

Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек. Бюджетаралық қарым-қатынасты да ретке келтіру қажет. Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім болды. Бұл қадам кәсіпкерліктің дамуына едәуір серпін берді. Сонымен қатар әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда кейбір әкімдер қосымша кіріс көзіне ие болған соң, оны елге пайдасыз іске шашып, тиімсіз жұмсайтын болды. Аса маңызды емес міндеттер мен жобаларға қаржы бөле бастады. Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық…
Подробнее
Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Енді алдағы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталайын. БІРІНШІ. Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет. Қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтуымыз керек. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр. Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керек. Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет. Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері…
Подробнее
Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы: «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз. Бүгін біз алға қойған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз. Қазір жер жүзінде геосаяси текетірестер белең алып тұр. Соған қарамастан, Қазақстан бейбіт әрі эволюциялық жолмен дамып келе жатыр.…
Подробнее
️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын…
Подробнее
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Еркін Ғаббасовты күміс медальмен құттықтады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Еркін Ғаббасовты күміс медальмен құттықтады

«Еркін Ғаббасовты құрметті және көптен күткен марапатымен - Париждегі Паралимпиада ойындарының күміс медалімен құттықтаймын! Бұл сіздің табандылығыңыздың, белсенді өмірлік ұстанымыңыздың және еңбекқорлығыңыздың айқын дәлелі. Ақмолалықтар сізді мақтан тұтады. Жаңа жарыстарда одан да биік жеңістер тілеймін», - деп жазылған құттықтауда. Естеріңізге сала кетейік, Еркін Ғаббасовтың күмісі ұлттық құраманың Паралимпиада ойындарындағы алғашқы медалі болды. Спортшы 10 метр қашықтыққа пневматикалық мылтықтан оқ ату бойынша Паралимпиада финалында өнер көрсетті.
Подробнее
1 қыркүйекте Ақмола облысына қарасты Талапкер ауылында екі жайлы мектеп ашылды Две комфортные школы открылись 1 сентября в с. Талапкер Акмолинской области

1 қыркүйекте Ақмола облысына қарасты Талапкер ауылында екі жайлы мектеп ашылды Две комфортные школы открылись 1 сентября в с. Талапкер Акмолинской области

  «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1 қыркүйекте Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында мектеп-гимназиясы мен IT-лицейі оқушыларға есіктерін айқара ашты. Жаңа оқу жылында 100-ден астам педагог 1800-ге жуық оқушыға сапалы білім бермек. Білім ошақтары 3 қабатты. Кабинеттердің барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сапалы білім беру үшін мұнда барлық жағдай жан-жақты жасалған. Интерактивті тақталары бар пәндік кабинеттерден бөлек, шеберханалар мен зертханалар да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мектеп-гимназиясының оқушыларын Білім күнімен құттықтады. «Елордаға іргелес жатқан Целиноград ауданында халықтың көші-қонына және демографиялық өсуге байланысты ұзақ уақыт бойы оқушы орындарының тапшылығы байқалды.…
Подробнее
📣 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды 📣 2 сентября Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступит с ежегодным Посланием народу Казахстана на совместном заседании палат Парламента

📣 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды 📣 2 сентября Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступит с ежегодным Посланием народу Казахстана на совместном заседании палат Парламента

  ▪️Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады. ▪️Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады. t.me/aqorda_resmi   ▪️В мероприятии примут участие депутаты Сената и Мажилиса, руководители центральных государственных органов, члены Национального курултая, Комиссии по правам человека, Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике, представители общественности и трудовых коллективов. ▪️Послание Президента будет посвящено перспективам политического и социально-экономического развития Казахстана на предстоящий период. t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Ақмола облысында   оқу жылы  басталғаннан кейін адам папилломасы вирусына  қарсы вакцинацияны енгізу жоспарлануда  В Акмолинской области после начала учебного года  планируется внедрение вакцинации против вируса папилломы человека

Ақмола облысында   оқу жылы  басталғаннан кейін адам папилломасы вирусына  қарсы вакцинацияны енгізу жоспарлануда В Акмолинской области после начала учебного года  планируется внедрение вакцинации против вируса папилломы человека

          Бастапқыда екпемен 11 жастағы 175 мыңнан астам қызды қамту жоспарлануда. Әлемде бұл екпеге сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда 125-тен астам ел өздерінің ұлттық егу күнтізбесіне осы екпені енгізді.  Орталық Азиядағы көрші елдердің ішінде екпені Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан енгізген. Бұл туралы  Ақмола облысы СЭБД басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов айтып берді, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялр қызметі. Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар статистикасы бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Ақмола облысында 2023 жылы жатыр мойны обырының 109 жағдайы, 2022 жылы 87 жағдай, 2024 жылдың 7 айында 50 науқас әйел тіркелген.…
Подробнее
Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді Сборная Казахстана по кокпару проводит первые тренировки на стадионе Игр кочевников в Астане

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді Сборная Казахстана по кокпару проводит первые тренировки на стадионе Игр кочевников в Астане

  Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті. «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көкпардан ұлттық құрама мүшелері сақадай сай. Біз Астанаға ертерек келіп, жылқылардың алаңға жылдам бейімделуіне жағдай жасап жатырмыз. Бүгін алаңмен таныстық. Сапасы өте жақсы. Әрине, дүбірлі дода өз жерімізде өтетін болғандықтан үлкен жауапкершілікті сезініп жатырмыз. Қолымыздан келгенін жасаймыз. Ең бастысы – көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетіп, алтынға қол жеткізу», – деп атап өтті көкпардан ұлттық құрама капитаны Құрманбек Тұрғанбек. «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында дайындығымызды пысықтау үшін Астанаға келдік. Ойын алаңы көңілімізден шықты, жылқыларға да өте ыңғайлы.…
Подробнее
Қазақстан Халық партиясының республика аумағында АЭС салу мәселесіне қатысты үндеуі

Қазақстан Халық партиясының республика аумағында АЭС салу мәселесіне қатысты үндеуі

  Құрметті қазақстандықтар! Жуық арада біздің алдымызда мемлекет үшін өмірлік маңызы бар мәселе – Қазақстанда алғашқы атом энергетикалық станциясын (АЭС) салу бойынша шешім қабылдау міндеті тұр. Біз – Қазақстан Халық партиясы, сіздерді еліміздің болашағына, оның дамуы мен әл-ауқатына тікелей ықпал ететін бұл шешімді ақылға қонымды түрде әрі жан-жақты саралай отырып қабылдауға шақырамыз. Бүгінде елімізде ЖЭО-дағы апаттар жиілеп, жылу станциялары жабдықтарының әбден тозығы жеткен, оған қоса бірнеше өңірдің электр энергиясы тапшылығынан зардап шегіп отырғаны бәрімізге мәлім. Біздің континенттік климатымыз күн және жел қондырғылары арқылы қажетті энергияны өндіруге қолайсыз. Сәйкесінше, Республика электр қуатын көршілес елдерден сатып алуға, яғни, импорттауға мәжбүр болып отыр.…
Подробнее