Месяц: Декабрь 2024

Каражар ауылы толықтай электр энергиясымен қамтамасыз етілді Жаңа жыл қарсаңында Целиноград ауданындағы Каражар ауылының тұрғындары көптен күткен қуанышке кенелді. Жыл аяғында электрмен жабдықтау желілерінің екінші кезеңінің құрылысы аяқталды. Бірнеше жылдық үзілістен кейін әрбір үй тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жоба аясындағы жұмыстар жалпы жоспарға сәйкес Каражардың барлық тұрғын массивтерін қамтыды. Екінші кезеңде РП-2 тарату пункті мен он трансформаторлық қосалқы станция қосылды. Барлық жабдықтар тексеріліп, пайдалануға енгізілді. Қазірдің өзінде қажетті құжаттарды тапсырған үй иелерін қосу процесі басталды. Ауыл тұрғындары өңір басшысы Марат Ахметжанов пен аудан әкімі Дарын Сабырғалиға атқарылған маңызды өзгерістер үшін алғыс білдірді. «Біз осы…
Подробнее
Облыста экология департаменті 500 ден астам қызмет көрсетті 2024 жылы Ақмола облысы Экология департаменті өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша белсенді жұмысын жалғастырып, тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің бірнеше түрін ұсынды. Жалпы, өткен жылы 504 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл халық пен кәсіпорындардың экологиялық бақылау органдарына деген жоғары сенімін көрсетеді. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы Кукумбаев Мағзұм Асхатұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Департамент көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» біріңғай жүйесі арқылы ұсынылады, бұл қызмет алушылармен тікелей байланысты болдырмай қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. «Біз жобалардың сараптамасын өткізу сапасы мен мерзімдеріне ерекше көңіл бөлеміз. Сараптаманы өткізуден басқа, эмиссияларды тұрақты…
Подробнее
Ақмола облысының құтқарушылары 38 дауылды ескертуге әрекет етті Қыс мезгілінің басталуымен Ақмола облысында ауа райына байланысты сын-қатерлер басталды. Боран, тұман, көктайғақ және желдің екпіні – мұның бәрі өңірдің автожолдарындағы төтенше жағдайларға себеп болды. Алайда, жедел әрекет ету және алдын-алу шаралары қысқы апаттардың санын азайтуға көмектеседі. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД ТЖЖБ бастығының міндетін атқарушы Дулат Қайыртаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жағдайды бақылау және жедел әрекет ету үшін 11 қарашадан бастап Төтенше жағдайлар департаменті базасында облыстық жедел штаб жұмысын бастады. Ал 2 желтоқсаннан бастап облыстың азаматтық қорғаныс аумақтық жүйесі күшейтілген дайындық режиміне көшірілді. Қыс басталғалы «Қазгидрометтен» алынған…
Подробнее
2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тонна деңгейінде күтілуде ⚡️ 2024 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 102%-ын құрайды (жоспар – 16,4 млн тонна). ⚡️ 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тоннаны немесе жоспарлы көрсеткіштің 100%-ын құрады. 🔘 Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған Тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау татпы, бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызын атап көрсетеді.…
Подробнее
Жылу энергетикасына тартылған инвестиция көлемі 2029 жылға қарай 8 трлн теңгеден асады ⚡️ Биыл Екібастұз 1-ГРЭС-те қуаты 500 МВт жаңа генерацияланатын бірінші энергоблок желіге қосылды, жыл соңына дейін Атырау ЖЭО-да тағы 65 МВт, сондай-ақ 2025 жылы Топар ГРЭС-те 130 МВт іске қосылады деп күтілуде. ✔️ Қолданыстағы электр стансаларын реконструкциялау және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт іске қосу қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 2024 жылы Министрлік энергия өндіруші ұйымдармен жалпы қуаты 1,4 ГВт болатын 13 инвестициялық келісім жасасты. Мұндай жобалар қатарында Ақсу ГРЭС-тегі қуаты 325 МВт №7 блоктың құрылысы, Қарағанды ЖЭО-3-те қазандық агрегатының құрылысы мен турбинаны ауыстыру және «Karabatan Utility Solution»…
Подробнее
2024 жылы жылу-электр энергетикасын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді ➡️ 2024 жылы Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыру үшін 58,3 млрд теңге бөлінді. ⭐️ Оның ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша алты жоба, электрмен жабдықтау бойынша сегіз жоба бар. Жобалардың бірі қазірдің өзінде іжұмыс істеп тұр, атап айтсақ, Орал қаласының «Ақжайық» ЕТЖҚ ауданында 110/10 кВ қосалқы станса пайдалануға берілді. ✔️ Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі…
Подробнее
Жол белгілерін сауатты рәсімдеу – маңызды мәселе

Жол белгілерін сауатты рәсімдеу – маңызды мәселе

Қоғам мәдениетінің ажырамас бөлшегі ретінде көрнекі ақпарат, жарнама мәтіндері күнделікті өмірде назарымызға түседі. Көпшілікке ұсынылатын нәрсенің қайсысы болсын сапалы, әрі тиімді болғаны жөн. Бүгінгі таңда көкейкесті мәселеге айналып отырған жайт – көрнекі ақпарат пен жарнама тілінің жағдайы. Көшеде орналасқан әр нысан атауы – қазақ тілінің сұлулығын, көркемдігін насихаттайтын құрал болуға тиіс. Алайда, бұл нысандардан басқа көшелердегі жол белгілері, жүру бөлігінің таңбалары, қозғалыстың бағытын көрсететін нұсқағыштар, қоршаулар, бағыттаушы бағаншалардағы және т.б. ақпараттар жатады. Жол белгілер – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің…
Подробнее
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жұмысы жүйелі Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 6 сыртқы талдау мен 4 антикорпаративті мониторинг жүргізілді. Бұл шаралар әлеуметтік маңызды салалардағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған. Бұл туралы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Оразхан брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Департамент жүргізген талдаулар нәтижесінде 56 ұсыныс пен кеңес енгізіліп, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты қадамдар жасалды. «Бұл мәселелер әсіресе жолдарды жөндеу мен салу кезінде кездесіп отыр, соның ішінде жоспарлау, бақылау және күтіп ұстау процестерінде. Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, бұл мәселелерді шешуге бағытталған жоспар…
Подробнее
Щучинск жоғары техникалық колледжі 90 жылдығын атап өтті Щучинск жоғары техникалық колледжінің 90 жылдығына орай облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара «Заманауи жастар – Қазақстанның индустриалды-техникалық дамуының кепілі» деген ұранмен өткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. Оқу орнының тарихы 1934 жылдан бастау алады, сол кезде Кеңес Одағының Халықтық ауыр өнеркәсіп комиссариатының бұйрығымен Степняк қаласында тау-кен-металлургиялық техникум ашылған болатын. Бір жылдан кейін оқу орны Щучинск қаласына көшіріліп, Щучинск тау-кен-металлургиялық техникумы деп аталды. Алғашқы түлектер 1938 жылы шығарылды: 21 техник-кенші және 24 техник-металлург оқу бітірді. Бүгінгі күні Щучинск жоғары техникалық колледжі Ақмола облысының жетекші білім беру мекемелерінің бірі…
Подробнее
Ақмола облысында табиғи монополиялар саласында тиімді реформалар байқалады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар саласындағы тиімді реттеуді қамтамасыз етіп, экономиканың монополиялық секторында ашықтық пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған шаралар қабылдауда. Бұл туралы облыстағы департамент басшысы Асылбек Қуандықұлы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Департаменттің басты міндеті — халықтың мүддесін қорғау, тариф саясатын тұрақтандыру, энергия мен ресурстарды үнемдеуді насихаттау, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыру болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген өзгерістер ашықтықты арттырып, тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануға бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді. Ақмола облысында 71 табиғи монополиялар субъектісі қызмет…
Подробнее