Биыл тегін заң көмегіне құқығы бар азаматтар саны кеңейтілді Ақмола облысының Әділет департаменті 2024 жылы өзінің мемлекеттік қызметтерін жақсартуға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтармен тиімді жұмыс жасауға бағытталған көптеген маңызды шараларды жүзеге асырды. Департамент жұмысында цифрландыру, заң көмегін көрсету, мемлекеттік тіркеу және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі – нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу. 2024 жылдың 11 айында Ақмола облысына 827 НҚА жобасы келіп түсті, оның ішінде 184 НҚА жергілікті атқарушы органдардан тіркеуге қабылданды. Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуі…
Дек
26
2024