День: 26.12.2024

65 миллионов тенге вернул акмолинским потребителям облдепартамент торговли В текущем году департамент торговли и защиты прав потребителей Акмолинской области обработал 730 обращений граждан, обеспечив защиту прав потребителей и привлек к ответственности 367 предпринимателей. Важной частью работы стало обеспечение качества продукции на рынке и поддержка отечественных производителей. Об этом на брифинге рассказал руководитель ведомства Ерлан Аубакиров, передает Региональная служба коммуникаций. В 2024 году в департамент поступило 730 обращений. Большая часть из них (60%) касается розничной торговли – проблемы с качеством товаров, несоответствие заявленным характеристикам и дефекты остаются частыми поводами для жалоб. На втором месте – электронная торговля (7%), затем идут вопросы…
Подробнее
Биыл тегін заң көмегіне құқығы бар азаматтар саны кеңейтілді Ақмола облысының Әділет департаменті 2024 жылы өзінің мемлекеттік қызметтерін жақсартуға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтармен тиімді жұмыс жасауға бағытталған көптеген маңызды шараларды жүзеге асырды. Департамент жұмысында цифрландыру, заң көмегін көрсету, мемлекеттік тіркеу және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі – нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу. 2024 жылдың 11 айында Ақмола облысына 827 НҚА жобасы келіп түсті, оның ішінде 184 НҚА жергілікті атқарушы органдардан тіркеуге қабылданды. Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуі…
Подробнее
Тұтынушылардың құқығын қорғау: нарықтағы сапа мен әділдік Нарықта тұтынушының құқығы басты назарда болуы тиіс. Өйткені, тауарлар мен қызметтердің сапасы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, олардың құқығын қорғауды да талап етеді. Осы бағытта мемлекет тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл жөнінде Ақмола облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерлан Әубәкіров брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 2024 жылы департаментке азаматтардан 730 өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш, тұрғындардың өз құқықтарын қорғау бойынша белсенді екенін көрсетеді. Өтініштердің 60%-ы бөлшек саудаға қатысты болса, 7%-ы электронды саудаға, 12%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне, ал 10%-ы туристік қызметтерге қатысты болды. Қаралған өтініштердің 83%-ы қанағаттандырылып, тұтынушыларға…
Подробнее
Облыста электр желілерін жаңартуға 4,1 миллиард теңге бөлінді 2024 жылы Ақмола облысында электр энергетикасы саласында да елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Облыс әкімдігі мен тиісті мекемелердің көмегімен аймақтың электр желілерінің жағдайы айтарлықтай жақсарды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Биылғы жылы облыстың электр энергетикасына 4,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржының 3,3 миллиард теңгесі 27 электр станциясы мен желілерін қайта жаңғыртуға жұмсалып, қалған 0,8 миллиард теңге ағымдағы және капитальды жөндеулерге бағытталды. 2024 жылы Бурабай, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласында электр желілерінің 42,3 км жаңғыртылды. Бұл жұмыстар облыстың электрмен жабдықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік беріп, аймақ тұрғындарының тұрақты және үздіксіз электрмен қамтамасыз етілуін қамтамасыз етті.…
Подробнее
Ақмола облысында жылу жүйесі жақсарып келеді 2024 жылы Ақмола облысының жылу жүйесі айтарлықтай жаңғыртылып, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл жұмыс үшін жалпы 39,9 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде негізгі қаржы бөлімі жылу жүйелерінің жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстарына бағытталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Облыс бойынша 2024 жылғы жылу қазандықтарының жөндеу жұмысына 22,6 миллиард теңге бөлініп, инвестициялық жобаларды іске асыруға және қажетті энергетикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалды. Жылу маусымына дайындық аясында 1142 қазандық, 786 білім беру, 567 денсаулық сақтау мекемесі және 2642 тұрғын үй жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын толық аяқтады. Сонымен қатар, 35,2 км жылу желісі жөнделді, оның…
Подробнее
Ақмолалық алтыншы сынып оқушысы пластикалық бұйымдарды өңдеуге арналған машина жасады Сандықтау ауданы Каменка ауылының алтыншы сынып оқушысы Денис Духноны қоршаған ортаны пластикалық қалдықтармен ластау мәселесі мазалай бастады. Сондықтан Денис пластикті қайта өңдеу әдістерін зерттеуге кірісті. «Пластикалық бөтелкелер біздің планетамызды басып қана қоймай, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпті болуы мүмкін. Пластмассаны жіпке қайта өңдеу (филамент) полигондардағы қоқыс көлемін азайтуға, сондай - ақ өнеркәсіпте пайдалану үшін жаңа материалдар жасауға мүмкіндік береді», - деді оқушы. (Филамент – бұл жіп тәрізді әртүрлі нысандарды жасау үшін 3D принтерлерде қолданылатын материал). Сонымен қатар, пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу материалдар айналымының дамуына және жаңа ресурстарды тұтынудың…
Подробнее
Жаңа жылдық шаралардағы өрт қауіпсіздік ережелерін естен шығармау маңызды Жаңа жыл мерекелері алдында өңірде салтанатты шаралар өтетін нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіледі. Бұл шаралардың аясында 544 нысан тіркеуге алынды. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігі басқармасының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ержан Ғаббас мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Тіркеуге алынған нысандардың арасында 446 білім беру мекемесі, 34 мәдениет үйі, 6 ойын-сауық орталығы, 3 әлеуметтік нысан, 14 орталық алаңдағы нысан және 41 дәмхана мен мейрамхана бар. «Инженерлік-инспекторлық құрамның мамандары бұл нысандарды өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеру мақсатында визуалды бақылаудан өткізді. Тексеру барысында 154 бұзушылық…
Подробнее
Жоспар орындалды, қаржы игерілді: Ақмола облысының білім басқармасы жұмысын қорытындылады Ақмола облысында білім беру саласында жыл сайын жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жоспар бойынша бөлінген қаржы тиімді игеріледі. Биыл облыста білім беру саласындағы стратегиялық құжаттардың негізгі индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізіліп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Басқарма басшысының айтуынша, мектепке дейінгі білім беру саласында 2024 жылы 1,5 мыңнан астам жаңа орын құру міндеті қойылған болатын. Бүгінгі таңда 1964 орын құрылды, бұл жоспарланғаннан 121%-ға көп, яғни 341 орынға артық орындалды. 2025 жылы қосымша 840 орындық 3…
Подробнее
Ақмола облысында қылмыс деңгейі төмендеп келеді Ақмола облысында қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде. Бұл шаралар облыс аумағындағы қылмыс деңгейінің төмендеуіне себеп болды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Утекин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі 1,5%-ға, ал орташа және жеңіл дәрежедегі қылмыстардың саны 12%-дан астамға төмендеген. Ауыр қылмыстар бойынша да елеулі өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бопсалау, тонау және ұрлық қылмыстарының саны азайған. Әсіресе, мал ұрлығына қатысты жағдай едәуір жақсарған. «Кісі өлтіру қылмысына қарсы іс-қимыл жасау бағдарламасы айтарлықтай нәтижелер көрсетті. Кісі…
Подробнее