Аят Сералиев: «Бұл менің ғана ерлігім емес, ұжымның еңбегі» Ақмола облысы ТЖД Астрахан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушысы Аят Сералиев көктемгі су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін Jibek Joly телеарнасының «Жақсы адам-2024» сыйлығын жеңіп алып, 1 миллион теңгенің ақшалай сертификатымен марапатталды. Марапатты ҚР ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев табыстап, құтқарушының қайсарлығы мен жанқиярлығын жоғары бағалады. Өз өміріне қауіп төндіріп, Аят 32 адамды құтқарып, ондаған жануарларды эвакуациялауда ерекше ерлік көрсетті. Оның батылдығы мен адамгершілігі көпке үлгі болып отыр. «Бұл менің ғана ерлігім емес, барлық ұжымның еңбегі. Көктемгі су тасқыны кезінде жұмыс істеген барлық жігіттердің еңбегі. Менің еңбегімді бағалап, елеп отырғанына алғыс білдіремін»,…
Дек
24
2024