Облыста тек жылыту кезеңінде 118 өрт сөндірілді Жылыту маусымының басталуымен Қазақстанда тұрғын үй секторындағы өрттердің саны күрт артып келеді. Пештер мен электр жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкеп соқтырады. Тек 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде өңірде 118 өрт жойылды. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте Азаматтық қорғау подполковнигі, Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ержан Ғаббас мәлімдеді , деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметінен. Өрттің негізгі себептері пештер мен электр құрылғыларын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы – 49 оқиға, электр құралдарын орнату және пайдалану кезінде талаптардың сақталмауы – 35 оқиға, адамдардың отқа немқұрайлы қарауы бойынша…
Дек
13
2024