Жыл қорытындысы қазақстандықтардың көзімен: әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері 5 желтоқсан, 2024 Басты жаңалықтар, Іс шаралар 2024 жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында брифинг өтті. Брифинг жыл қорытындыларына, қазақстандықтардың Президентке деген сенім деңгейіне, сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық даму бағытын қолдауға арналған әлеуметтанулық сауалнама нәтижелеріне арналды. Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың 66,2%-ы 2024 жылды жақсы көңіл-күймен және оптимистік көзқараспен аяқтауда. Көрші елдер мен Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар сияқты жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан тұрғындары жеке тұлғалық деңгейде өткен жылға оң баға беруде. Материалдық деңгейі жоғары топтар мен жастар әсіресе жақсы көңіл-күйде. Алайда, жылды ел мен әлем деңгейінде бағалауда едәуір ерекшеліктер бар. Ауыл…
Дек
05
2024