Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдап жатыр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы мәлімдеді. Соңғы бірнеше аптада валюта нарығында белгілі бір ауытқулар байқалып, ұлттық валюта бағамы әлсірегені атап өтілді. Осыған байланысты, азаматтар мен бизнестің алаңдаушылығын ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдауда. Нұрлан Байбазаров ұлттық валютаның бағамының түзетілуі тек сыртқы фундаменталды факторлардың ықпалынан туындаған құбылыс екенін атап өтіп, олардың негізгі үшеуіне тоқталды: ▪️соңғы айларда жаһандық доллар индексінің күшеюі;…
Дек
02
2024