«Мұз-2024»: балық аулау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайық Ақмола облысы аумағында су айдындарында жазатайым оқиғаларды алдын алу бағытында «Мұз-2024» республикалық акциясы басталды. Оның барысы туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жанат Асылбеков брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Басқарма бастығының айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында адам өлімінің алдын алуға бағытталған акция аясында күн сайын профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Әсіресе, су айдындарында балықшылар мен қысқы демалысты ұнататындар үшін қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылады. «Соңғы апталардың ішінде облыс аумағында аумақтық полиция бөлімшелерімен және көлік инспекциясымен бірлесіп 1500-ден астам рейдтер мен патрульдер өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік…
Ноя
27
2024