День: 21.11.2024

♥*Ақмола облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары бастау алды* А.ж. 21-22 қараша аралығында Ақмола облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында арнайы тактикалық іс-шаралар өткізіледі. Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетінің деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында жүргізілді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды. Биылғы жылы оқу-жаттығу басшылығының Республикалық штабы Ақмола облысы, Көкшетау қ., Көктем ш/а, 9/1, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «BOLASHAQ…
Подробнее
Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты 1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды - адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% - дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар. «Жұмыстың басым бағыттары…
Подробнее