Қауіпсіздік бәрінен маңызды! «QazaqGaz Aimaq» АҚ ауа-райының өзгеруіне және жылыту маусымының басталуына байланысты улы газбен улану қаупі артқанын ескертеді. Өкінішке орай, статистика бойынша жыл сайын табиғи газды тұтынушылары бұл ескертулерге немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Газ қызметкерлері үшін анықталған нәрсе – орын алған қайғылы жағдайлар, негізінен, газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады. Оған себеп - зардап шеккендердің жылыту құралдарын пайдалануға немқұрайлы қарауы, оларды өз бетінше қосуы, құрастыруы немесе орнын ауыстыруы, қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы, тамақ дайындауға арналған газ жабдығымен үй-жайларды жылытуы, техникалық қызмет көрсетуді орындамауы, мұржаның түтін тартуын тексермеуі. Ауа желдетілуі жеткілікті қамтамасыз етілмеген үй-жайда, терезелер,…
Ноя
19
2024