День: 13.11.2024

Ақмола облысы прокуратурасының жұмыс қорытындысы: қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау Биыл Ақмола облысының прокуратурасы алаяқтыққа, есірткінің заңсыз айналымына және жер құқықтарын қорғауға қарсы күресті қоса алғанда, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қосты. Сондай-ақ, экономикалық жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылданды және заңнаманың сақталуын бақылау айтарлықтай күшейтілді. Ведомство жұмысының қорытындысы туралы брифингте облыс прокуроры Руфат Құттықов айтып берді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі жер қатынастары мен жылжымайтын мүлік саласындағы проблемаларды шешу болды. Заңсыз берілген немесе мақсатсыз пайдаланылып жатқан 300 мың гектардан астам жерлерді мемлекетке қайтару бойынша биыл прокуратурамен енгізілген 5 қадағалау актілер аясында уәкілетті органмен…
Подробнее
Ақмола облысында вакцинациядан бас тарту саны азайды Ақмола облысында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың көпшілігіне байланысты, тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталуда, алайда көкжөтел, қызылша сынды аурумен сырқаттанушылардың саны өскен. Бұл туралы брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Вакцинация науқаны топтардың 76,5% -ын қамтуға қол жеткізді, бұл ДДҰ ұсынған деңгейден (79-83%) төмен. Облыста вакцинациядан 1368-ге жуық бас тарту тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% - ға аз. Бас тартудың негізгі себептеріне жеке сенімдер, діни көзқарастар және вакциналарға сенімсіздік жатады. «Жыл басынан бері тіркелген көкжөтел ауруының көбеюі ерекше алаңдаушылық туғызады. Деседе, расталған жағдайлардың саны…
Подробнее