День: 07.11.2024

Қазақстан жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңіне дайындалып жатыр 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың барлық топтарын қамтитын жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі күшіне енеді. Жаңа норма бойынша барлық тұрғындар, соның ішінде жеке сектор қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруы керек. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Департамент басшысының мәліметінше, жалпыға бірдей декларациялау жүйесі 2021 жылы іске қосылды және кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Декларацияны бірінші кезең бойынша мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, квазимемлекеттік сектордың өкілдері, жеке кәсіпкерлер және олардың…
Подробнее
Ақмола облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша меморандумға қол қойылды Ақмола облысында «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының өңірлік өкілдігі мен облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға ресми қол қойылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен шараға аталмыш қордың өңірлік өкілдігінің басшысы Бақыт Смағұл мен департамент басшысы Ерлан Әубәкіров, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты. Меморандум жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен күш-жігерге, сондай-ақ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тиімді бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға бағытталған. Серіктестік заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдармен үйлестіру және халық пен кәсіпкерлер арасында…
Подробнее