Ақмолалық диқандар 6 миллиондық межеден асты Ақмола облысы егін жинау науқанында жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің жетекші аграрлық өңірі мәртебесін растады. Жергілікті фермерлер 6 миллион тоннадан астам астық жинады. Тәуелсіздік жылдарында мұндай нәтиже тек 2011 жылы болған. Бұл соңғы жылдардағы өнімділік бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі таңда 4,5 миллион гектар дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 96,1% құрайды. Өңірдегі орташа өнімділік гектарына 14 центнерге жетті, алайда кейбір шаруашылықтардың жекелеген егістік алқаптарында заманауи агротехнологияларды қолданудың арқасында өнімділік гектарына 60 центнерге таяды. Мұндай көшбасшылардың қатарында «Максимовское» ЖШС (Сандықтау ауданы), «Дихан Плюс» ЖШС (Зеренді ауданы) және «Журавлевка-1» ЖШС…
Окт
09
2024