Жылыту маусымында жылусыз қалғаны үшін үшін ақмолалық тұтынушылардың қаражаттары қайтарылуда Акмолинским потребителям возвращают средства за недотоп
Биыл облыстағы кәсіпорындардың өз міндеттемелерін орындамай отырғаны анықталды. Нәтижесінде қысқы кезеңде жылусыз қалғаны үшін тұтынушыларға 33 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының м.а Андрей Шевченко айтты. Басқармаға коммуналдық қызметтердің тарифтерін бақылау және тұрғындардың мүдделерін қорғау жүктелген. Оның басты міндеті – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындардың өз тарифтерін ашық белгілеп, тұтынушылардың ақшасын мақсатқа сай жұмсауын қадағалау. Компаниялар тарифті өзгерту жөніндегі ұсыныстарын арнайы портал арқылы беріп, жылына екі рет халық алдында есеп беруі қажет. Инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асырмаса немесе бекітілген тарифтер бойынша қаржы жұмсамаса,…