День: 30.10.2024

Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтардықайта өңдеу бойынша жаңа жобалар қолға алынған Ақмола облысында экологиялық жағдайды жақсарту және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобалар белсенді жүзеге асырылып келеді. Екі кәсіпорын заманауи технологияларды енгізу үшін қолдау алды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласында бірқатар бастамалар іске асырылуда. Қаржыландыру бағдарламасы аясында «Жасыл Даму» АҚ арқылы қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыруға екі өтінім қаралып, мақұлданды. Бірінші кәсіпорын «ECO DUMP» ЖШС Көкшетау қаласында қуаты жылына 55 мың тонна, сондай-ақ Бурабай және Зеренді аудандарында…
Подробнее
Ақмола облысында гидроқұрылыстардыреконструкциялау жұмыстары жүргізілуде Ақмола облысында гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша су тасқыны қаупін азайтуға көмектесетін бөгеттерді жөндеу, жағалауды нығайту және өзен арналарын тереңдету жобалары қолға алынған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Ақмола облысының аумағында 90 гидротехникалық ғимарат есепте тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, 56-сы қанағаттанарлық жағдайда, 29-ы жөндеуді қажет етеді, ал 5-і апатты деп танылған. «Осыған қарамастан, облыста халық үшін қауіп жоқ және жыл сайын бассейндік инспекциямен, Төтенше жағдайлар бөлімдерімен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырылған визуалды тексеру бойынша сапарлар өткізіледі», - деді…
Подробнее
2027 жылға қарай Ақмола облысында 95 млн ағаш отырғызылады Ақмола облысында орман қорын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. 2021 жылдан бастап 56,2 млн ағаш отырғызылды, ал 2027 жылға қарай жасыл желекті 95 млн ағашқа ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Басқарма басшысының айтуынша, жаңа орман питомниктері мен орман шаруашылығын жабдықтау биоәртүрлілікті сақтауға және экологияны жақсартуға көмектеседі. «Ақмола облысының орман қорын ұлғайту үшін соңғы жылдары 8,7 мың гектардан астам алқапқа 56 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Алдағы жылдары жасыл аймақтарды кеңейту жоспарланған, оның ішінде…
Подробнее
Көкшетауда қызметкерлердің құқықтарын қорғау үшін үшжақты меморандумға қол қойылды «Әділдік және өркендеу» қорының Ақмола өкілдігі, Ақмола облысының Кәсіподақ орталығы және мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тұрақты әлеуметтік әріптестік құру және еңбек жағдайларын жақсарту үшін меморандумға қол қойды. Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қою шарасына Ақмола облысындағы «Әділдік және өркендеу» қорының басшысы Бақыт Смағұл, Ақмола облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов және Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Амангелді Смайылов қатысты. Меморандумның негізгі міндеттеріне әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу, қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде орнықты…
Подробнее