Ақмола облысында психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді Биылғы жылдың сәуір айынан бастап Ақмола облысында оқушылардың, ата-аналар мен педагогтардың психикалық денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Мекеме жұмысын бастағаннан бері орталыққа 100-ден астам өтініш түскен. Оның көпшілігі отбасылық дауға, балалар мен олардың ата-аналарына және мұғалімдердің жұмысына қатысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орталық директорының м.а. Сайран Шөкімова мәлім етті. деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Мекеме басшысының айтуынша, орталық дағдарыс жағдайында көмек көрсетеді, қорқытудың алдын алу және оқушылар арасында суицидтік көңіл-күйді анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді. «Біз білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін бірыңғай психологиялық көмек жүйесін…
Окт
09
2024