Месяц: Октябрь 2024

Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынады Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысының Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешенін және Түркістан облысының Темірлан аулында 890 млн теңге сомаға музыка мектебін салу жөніндегі алғашқы екі әлеуметтік жобаны іске асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Бұл бастамалар тұрғындарды білім беру және спорттық қызметтермен қамтуды арттыру үшін…
Подробнее
Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтардықайта өңдеу бойынша жаңа жобалар қолға алынған Ақмола облысында экологиялық жағдайды жақсарту және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобалар белсенді жүзеге асырылып келеді. Екі кәсіпорын заманауи технологияларды енгізу үшін қолдау алды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласында бірқатар бастамалар іске асырылуда. Қаржыландыру бағдарламасы аясында «Жасыл Даму» АҚ арқылы қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыруға екі өтінім қаралып, мақұлданды. Бірінші кәсіпорын «ECO DUMP» ЖШС Көкшетау қаласында қуаты жылына 55 мың тонна, сондай-ақ Бурабай және Зеренді аудандарында…
Подробнее
Ақмола облысында гидроқұрылыстардыреконструкциялау жұмыстары жүргізілуде Ақмола облысында гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша су тасқыны қаупін азайтуға көмектесетін бөгеттерді жөндеу, жағалауды нығайту және өзен арналарын тереңдету жобалары қолға алынған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Ақмола облысының аумағында 90 гидротехникалық ғимарат есепте тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, 56-сы қанағаттанарлық жағдайда, 29-ы жөндеуді қажет етеді, ал 5-і апатты деп танылған. «Осыған қарамастан, облыста халық үшін қауіп жоқ және жыл сайын бассейндік инспекциямен, Төтенше жағдайлар бөлімдерімен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырылған визуалды тексеру бойынша сапарлар өткізіледі», - деді…
Подробнее
2027 жылға қарай Ақмола облысында 95 млн ағаш отырғызылады Ақмола облысында орман қорын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. 2021 жылдан бастап 56,2 млн ағаш отырғызылды, ал 2027 жылға қарай жасыл желекті 95 млн ағашқа ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Басқарма басшысының айтуынша, жаңа орман питомниктері мен орман шаруашылығын жабдықтау биоәртүрлілікті сақтауға және экологияны жақсартуға көмектеседі. «Ақмола облысының орман қорын ұлғайту үшін соңғы жылдары 8,7 мың гектардан астам алқапқа 56 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Алдағы жылдары жасыл аймақтарды кеңейту жоспарланған, оның ішінде…
Подробнее
Көкшетауда қызметкерлердің құқықтарын қорғау үшін үшжақты меморандумға қол қойылды «Әділдік және өркендеу» қорының Ақмола өкілдігі, Ақмола облысының Кәсіподақ орталығы және мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тұрақты әлеуметтік әріптестік құру және еңбек жағдайларын жақсарту үшін меморандумға қол қойды. Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қою шарасына Ақмола облысындағы «Әділдік және өркендеу» қорының басшысы Бақыт Смағұл, Ақмола облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов және Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Амангелді Смайылов қатысты. Меморандумның негізгі міндеттеріне әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу, қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде орнықты…
Подробнее
Ақмола облысы құс еті және жұмыртқа өндірісі бойынша көшбасында Ақмола облысы Агроөнеркәсіптік кешендегі өз позициясын нығайтып, құс еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша Қазақстанның көшбасшылары қатарынан көрінді. Сонымен қатар, өңірде сүтті және етті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі де артқан. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Орталық Азиядағы ең ірі Макинск құс фабрикасының іске қосылуының және «Ақ Дала Агро» қуатының артуына байланысты Ақмола облысының құс етін өндірудегі республика бойынша үлесі 30 пайызды құрады. Мұнда жыл сайын шамамен 125 мың тонна құс еті…
Подробнее
Ақмола облысында 7 млн жуық үй жануарына вакцина салынды Биылғы жылы өңірде үй жануарларының денсаулығын қорғау бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. Вакцинация және бруцеллез, туберкулез және басқа да қауіпті ауруларды барысында 7 млн жуық үй жануары қамтылды. Бұл туралы Ақмола облысының ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде Ақмола облысының аумағында үй жануарларын қауіпті ауруларға вакцинациялау және зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. 2024 жылы эпизоотиялық іс-шараларды орындауға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді, бұл 6,7 млн жануарды вакцинациялауға, бруцеллезге және басқа да ауруларға зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді. «Қазірдің өзінде 480…
Подробнее
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмаржал Әлназарова жұмыс сапары барысында Ақмола облысының бірқатар медициналық ұйымдарға барды. Ол медициналық мекемелердің жағдайымен танысып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Министр өңірдегі сапарын Аршалы ауданындағы Жібек Жолы ауылындағы отбасылық денсаулық орталығынан бастады. Қазіргі уақытта орталық 1 жарым мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді және күніне 50 адамды қабылдауға арналған. Жалпы, мекеме кең ауқымды медициналық көмек көрсетеді. Орталықта стационарды алмастыратын көмек бөлімі мен дәріхана пункті бар. Ақмарал Әлназарова орталықтың қызметін оң бағалап, мемлекет Президентінің тапсырмасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтауды жақсартуға ерекше көңіл бөлінетнін атап өтті. Келесі кезекте министр…
Подробнее
Бурабай курорты: даму стратегиясы және заманауи бастамалар Биыл Бурабай курортына 700 мыңға жуық турист келді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Жақын арада инфрақұрылымды жақсарту, жаңа туристік нысандар құру және инвестициялар тарту жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы Бурабайды туристер үшін одан да тартымды және демалуға ыңғайлы етуге көмектеседі. Бұл туралы Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский баспасөз отырысында айтып берді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бурабай белсенді дамуын жалғастыруда және соңғы жылдары курорттың инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерістерген. А. ж. Бурабай кентінің абаттандырылуына санитарлық тазалауға, көгалдандыруға, жаңа қоқыс алаңдары мен қоқыс жәшіктерін орнатуға, сондай-ақ туристер үшін ыңғайлы демалыс аймақтарын құруға айтарлықтай қаражат…
Подробнее
Количество пожаров снизилось в Акмолинской области С начала отопительного сезона в области зарегистрировано 16 пожаров – это значительно меньше, чем в прошлом сезоне. О мерах профилактики на брифинге рассказал начальник облуправления ДЧС Думан Далешов, передает Региональная служба коммуникаций. Ежегодно с началом отопительного сезона наблюдается резкий рост числа пожаров в жилом секторе. Основными причинами таких происшествий становятся нарушения правил пожарной безопасности при эксплуатации печей и электронагревательных приборов. В результате инцидентов люди не только теряют имущество, но и получают травмы или даже погибают от отравления угарным газом. В текущем сезоне спасатели предотвратили 5 случаев короткого замыкания и 3 случая возгорания мусора, что…
Подробнее