АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі 30 сентября, 2024 Әлеуметтанулық зерттеулер, Басты жаңалықтар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ 2024 жылдың 13-26 қыркүйек аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1 200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының респонденттері қатысты. Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. «Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа респонденттердің шамамен үштен екісі оң көзқарас білдірді. Алдында жарияланған сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, бұл қазіргі уақытта ең жоғары көрсеткіш. Бірінші сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі…
Сен
30
2024