Ақмола облысы бойынша МӘМС жүйесіне қатысуға тіркелген жалпы халықтың 82,3 пайызы сақтандырылды Более 80% акмолинцев застрахованы в системе ОСМС
Бұл туралы бүгінгі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Тұрмағанбет Талғат Әділханұлы баяндап берді. «Филиал жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, апта сайын Ақмола облысы әкімдігіне облыстық штаб отырысында есеп бере отырып, сақтандырылмаған азаматтардың тізімдерін өңдейді. «D» дағдарыс және «Е» төтенше санаттағы азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен цифрлық отбасы картасымен қамту бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау алгоритмі әзірленді» - дейді спикер Талғат Әділханұлы. Бүгінгі таңда аталған санаттардағы сақтандырылмаған азаматтарға әлеуметтік мәртебе беріліп, одан әрі олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сақтандыру шараларымен қамту үшін азаматтардың тізімдері қала және аудан әкімдіктеріне жолданған. 2024 жылы Ақмола облысында…