Сколиоз және тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу және мектеп жиһаздары мен рюкзактарына қойылатын талаптар. Профилактика сколиоза и болезней опорно-двигательного аппарата и требования к школьной мебели и школьным рюкзакам.
Тірек-қимыл аппаратының аурулары ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады, ал мектепте оқыған жылдары тірек – қимыл аппараты бұзылған балалардың саны 5 есе артады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина айтып берді. Спикердің айтуынша, жиһазды баланың жасына және бойына сәйкес таңдау өте маңызды. Орындықта шетіне жақын отыру керек, шынтақтарды шынтақ сүйенішішіне қою, тізелерді тік бұрыш бойынша бүгу, арқаны тік ұстау, көзден үстелге дейінгі қашықтық кемінде 30 сантиметр болуы керек. Рюкзакты оқу жылы басталмас бұрын сатып алу маңызды. Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі көбінесе оның сапасына байланысты, ауыр рюкзакты кию қалыптың…